Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дамуалды тың әрекеттеріне көз жүгіртсек елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын болжауға болады. Басты айқындаушы факторы ретінде жаңа үкіметтің құрылуын айтып өткен жөн. Жаңа үкімет ел аманатын басты мүддеге қояды деген сенімім мол. Қастерлі Отанымыз- Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналатынын Президент зор сеніммен айтты. Ол үшін де қажетті реформалар мен нақты іс-шаралар ұсынылмақ. Президенттің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сөйлеген сөзінде заң мен тәртіп еліміздің игілігі мен берекесінің негізгі кепілі екенін айтып өткен болатын.
Сайып келгенде әрбір азамат Отанын құрметтеуге, онда бекітілген заң мен тәртіпке бағынуы керек. 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берілді. Бүгінде оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттей отыра,
мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тарту керектігі ашық айтылды.
Толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көше бастау керектігі алға тартылды. Бұл дегеніміз мектеп қабырғасынан бастап балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу болып табылады. Себебі келер ұрпақ өзінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдай білуге тиіс. Болашақ жастардың қолында! Күш - бірлікте!