02 Ақп 2022
Жаңалықтар

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдың алғашқы күндері елімізде орын алған күрделі кезеңде ел болашағы мен тұтастығын сақтау үшін жасаған нақты қадамдар мен қатал шешімдерінің арқасында басымызға төнген қатер сейіліп, жағдай тұрақталып келеді

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдың алғашқы күндері елімізде орын алған күрделі кезеңде ел болашағы мен тұтастығын сақтау үшін жасаған нақты қадамдар мен қатал шешімдерінің арқасында басымызға төнген қатер сейіліп, жағдай тұрақталып келеді. Бейбіт күннің шырқын бұзып, бүлік шығарып, бірталай отбасына қан жұттырған айыптылар қатаң жазалануы керек.
Ал бүгінгі Президенттің Парламент мәжілісінде жаңадан Үкімет басшысын тағайындап, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жасалатын жедел іс-шараларды нақтылау барысында, жас ұрпақ алдындағы жауапкершілік жүгін арқалап келе жатқан ҰСТАЗДАР қауымына да дәйекті талаптар қойды. Әріптестерімді Президентіміздің бүгінгі Үндеуін іске асыруда ауызбіршілік пен сабырлылық танытып, Жаңа Қазақстан құру жолында жігерлі қадамдар жасауға шақырамын. 
 
М.Жұмабаев ат. ЖББО мектебінің математика пәнінің мұғалімі, ҚР-ның білім беру саласында ерекше еңбегі үшін ” Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері” төсбелгісінің иегері, зерттеуші-педагог Байгонова Рыскул Нуржановна
#күшімізбірлікте🇰🇿
Пайдалы ақпараттық ресурстар