"Ақтөбе Дарын "өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 10 желтоқсан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында "Қазақстан- зайырлы мемлекет" тақырыбында 9-11 класс оқушылары арасында ашық диктант өтті. Диктантқа 20 мектептен 664 оқушы белсене қатысты.