Әйтеке би ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Шаңырақ" күніне орай «Көрегенді ене, ибалы келін» атты аудандық байқау өтті.
Байқау мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, халқымыздың ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін насихаттау. Әр отбасындағы ене мен келін орнының маңызын, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру.
Байқауға қатысушылар 4 кезең бойынша бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша
Калдыгулова Баянсұлу және Калдыгулова Малика Бас жүлде "Көрегенді ене, ибалы келін-2025"(Қарашатау ЖОББМ)
Кереева Айнұр және Раис Гаухар "Зейінді ене, зерек келін-2025” (Комсомол ЖОББМ)
Ахметова Нонна және Биғалиева Динара “Алтын ене, дана келін-2025”(М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ)
Козбагарова Гульжанат және Ноғайбек Лаззат" Үлгілі ене, ізетті келін-2025" (Балауса МДҰ)
Кребаева Баян және
Айтқазы Жадыра "Парасатты ене, ақылды келін-2025" (Ж. Сәрсенов атындағы ЖОББМ)
Аймова Гүлжанат және Төлеген Гүлхан "Кеңпейіл ене, ақкөңіл келін -2025" (Ақтасты ЖОББМ)
Жұбаниязова Мирамкул және Құрымбаева Жансая "Өнегелі ене, өнерлі келін-2025" (Т. Жүргенов атындағы ЖОББМ) номинациялары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.