Төтенше жағдайға байланысты зардап шекккен отбасы балаларын оқу - сауықтыру орталықтарына жіберу туралы,ҚР Оқу - ағарту министрлігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 3 - 05 - 5/2319 - И хаты және Ақтөбе облысының білім басқармасының 8.04.2024 жылғы № 44 бұйрығына негізінде Әйтеке би ауданы бойынша төтенше жағдайға байланысты зардап шекккен отбасы балаларынан 6 оқушы бекітілген жетекші және мейірбике жетекшілігімен облыс орталығына жеткізіліп, Республикалық «Балдәурен - Түркістан» оқу - сауықтыру орталығына жіберілді. Ұсынылған оқушылар 11 - 30 сәуір аралығында аталған оқу - сауықтыру орталығында демалады. Орталықта балаларға арналған қызықты іс –шаралар, түрлі конкурстар ұйымдастырылады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
https://aitekebi.edu.kz/kz/janaliktar-basti-aiteke/13251-bald-uren-t-rkistan.html#sigFreeId24ed95e946