11 Маус 2026
Хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке ауданы білім бөлімі» ММ-сімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 22.06.2026ж.-22.07.2026ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған орай анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша аталған уақыт аралығында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке ауданы білім бөлімі» ММ-нің бөлімінің бас маманы Саметеев Әбдібек Төлепбергенұлына мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (71339) -22-5-34

Пайдалы ақпараттық ресурстар