10 Желт 2021
Жаңалықтар

5-11 класс оқушылары арасында 6 желтоқсанда «Жаңа жылдық ойыншықтар» және «Жаңа жылдық шырша-2022» атты шығармашылық байқау өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізілетін Жаңа жылдық Шыршаның қарсаңында Әйтеке би білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 5-11 класс оқушылары арасында 6 желтоқсанда «Жаңа жылдық ойыншықтар» және «Жаңа жылдық шырша-2022» атты шығармашылық байқау өткізілді. Оқушылардың ұлттық мәдениетті дәріптеу, мәдени құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру,ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер арасында достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында өткізілген  байқауға оқушылардың қолдан жасалған туындылары ұсынылды.Жетістікке жеткен оқушылар жүлделі орындарға  және алғыс хаттарға ие болды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар