12 Ақп 2021
Материал

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 63 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ - нің басшысының 01.04.2024 жылғы №174 бұйрығын орындау мақсатында «Әйтеке би ауданының білім бөлімі» ММ - нің беру ұйымдарында (мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар) заңсыз қаражат жинау фактілерінің алдын алу, тиым салу мақсатында аудандық білім беру ұйымдарының басшы құрамына және білім бөлімінің қызметкерлеріне толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Аты Жүктеу
1 ЖЖЖ PDF
2 ЖЖЖ 1 PDF
3 ЖЖЖ 2 PDF
4 ЖЖЖ 3 PDF
5 ЖЖЖ 4 PDF
6 ЖЖЖ 5 PDF
7 ЖЖЖ 6 PDF

Название Скачать
1 Ішкі талдау білім бөлімі PDF

 

«Бекітемін»

Әйтеке би ауданы

білім бөлімінің басшысы:

________ Қ.Жарымбетов

«___»  ________ 2021 жыл

 

«Адал ұрпақ» клубының 2021 жылға арналған аудандық жоспары

Жалпы ережелер

  1. Осы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейді.

Жұмыстың мақсаты және міндеттері

  1. Осы Бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
  2. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
  • рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
  • оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;
  • оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
  • оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
  1. Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:
  • адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;
  • әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;
  • эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.

Іс-шараның атауы

Ұсынымдар

Мақсатты

топ

Мерзімдері

1

2

3

4

5

I-бөлім. Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары

1

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастыру

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын жалпы білім беру  мекемелері бойынша оқушыларды қамти отыра клуб жұмысын ұйымдастыру

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары

Қаңтар

2

 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын бекіту

Жоспарларда іс-шаралардың атаулары, олардың орындалуына жауаптылары, қатысушылары, орындау мерзімдері болуы тиіс

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары

Қаңтар

3

«Парасатты азамат» бұрышы (үнемі жаңартылып тұру)

Бұрыштардың басты мақсаты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу.

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары

Ақпан

4

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы

Байқаудың негізгі идеясы — Мәңгілік Ел идеологиясының «түпқазық» жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау өзекті.

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

Наурыз

5

«Адал болу адамға не үшін қажет?» класс сағаттары /бастауыш кластар/

«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – қауіпті көрініс» класс сағаттары /жоғары кластар/

Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

Сәуір

6

«Мемлекттік қызмет — елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы

Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады.

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

Мамыр

7

«Адалдық дүкені» акциясы

Өскелең ұрпақты яғни оқушыларды қоғамдағы адалдық пен сенімге тәрбиелеуге бағыттап, әр адамның өзінің адал екендігіне іс жүзінде көз жеткізу және парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

Қыркүйек

8

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» театрлық қойылым

Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсетуді ұйымдастыру

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

Қазан

9

«Пара алу құрдымға апарар жол!»

флэшмоб

Акция  Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын флэшмоб  көрсетуді ұйымдастыру

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

қараша

10

«Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным» дөңгелек үстел

Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады.

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

Желтоқсан

11

«Адал ұрпақ» клубының отырысы

Отырыс өткізу

Аудандық білім бөлімі

Білім беру ұйымдары /әлеуметтік желіге жариялау/

Тоқсанына 1 рет

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар