10 Желт 2021
Жаңалықтар

Елімнің бақытын тербеткен—Тәуелсіздік

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аудандық балалар саз мектебінің "Елімнің бақытын тербеткен—Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік концерті өтті. Кеш композициямен басталды. Композицияда қазақ халқының сан ғасырлар бойы кешкен тауқыметі, Тәуелсіздік жолында құрбан болған ата-бабалардың ерлігі, ызғарлы Желтоқсанның құрбандары суреттелді. Әрі қарай Тәуелсіз ел болып жарияланып, дербес ел болып, өз Президенті жарияланғаннан кейінгі Президентіміздің ел саясаты мен экономикасын көтерудегі жоспарларын көрсететін "Президент жүрегі" қойылымымен жалғасты. Сонымен қатар, әсем әндер шырқалып, биші, жыршы қыздардың өнеріне халық өз ризашылықтарын білдірді. "Ақжелең" домбырашылар ансамблі күйлерін шертіп, дәстүрлі әнші қыздарымыз мерекеге әсем әндерін тарту етті. Мерекелік кеш Қазақстан елінде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан әр елдің ынтымағын көрсететін "Достық" биі және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзіне жазылған "Елім менің" әнімен аяқталды. 
Ынтымағымыз бен бірлігіміз ажырамай, амандықта, саулықта өмір сүрейік! Еліміз бен жеріміздің айбыны асқақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Пайдалы ақпараттық ресурстар