10 Желт 2021
Жаңалықтар

ҰСТАЗ БАРЫСЫ

29 қараша күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қ.Мұнайтпасұлының 150 жылдығына орай Талдысай ЖОББ мектебінің базасында аудандық мұғалімдер арасында қазақ күресінен «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» турнирі өтті. Мақсаты: ҚР ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жалпы ұстаз арасындағы достық пен өзара татулық қатынастарын нығайту. Турнир қортындысы бойынша
 
66 кг салмақ дәрежесінде
1 орын – Балауса МДҰ ұстазы Жауғашар Айбол
2 орын – Қ.Шаңғытбаев атындағы ЖОББМ-нің ұстазы Мырзалин Асылбек
3 орын – Басқұдұқ ЖОББМ- нің ұстазы Марат Рауан
 
67-82 кг салмақ дәрежесінде
1 орын – М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ- нің ұстазы Жайықбай Ғабит
2 орын – Ақтасты ЖОББМ-нің ұстазы Құлдықов Ержан
3 орын – Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ- нің ұстазы Болатұлы Айбек
 
82 + кг салмақ дәрежесінде
1 орын – М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ-нің ұстазы Құдайбергенов Бағдат
2 орын – Қарашатау ЖОББМ- нің ұстазы Бақтыбаев Асылбек
3 орын – Сұлукөл ЖОББМ- нің ұстазы Аяғанов Дулат
 
Жеңімпаз спортшыларға кубоктар мен медальдар табысталып, Ұзтаз барысы атанған спортшылар облыстық турнирге жолдамамен қатар Әйтеке би ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының демеушілігімен шипажайға тегін жолдамаға ие болды.
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар