23 Мамыр 2022
Жаңалықтар

12 мамыр күні Республикалық "Абай оқулары" байқауының облыстық кезеңі өтті

Байқаудың 6 бағыты бойынша аудандық кезеңде үздік деп танылған 6 оқушы облыстық кезеңде де керемет нәтижелерге қол жеткізді. "Ұлылар әлемі" бағыты бойынша Талдысай ЖОББМ-нің 10-класс оқушысы Сабыр Саида Бас жүлдеге ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Төлеугүл Турежанова. "Көңілім әнді ұғады" бағыты бойынша Еңбекту ЖОББМ-нің 9-класс оқушысы Аманбай Саят 3-орынға, "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" бағыты бойынша Еңбекту ЖОББМ-нің 9-класс оқушысы Мүтиғүллина Әсия 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Сағыныш Бегалина. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бағыты бойынша Қ.Шаңғытбаев атындағы ЖОББМ-нің оқушысы Әлия Молда-Мусаева 2-орынға, "Абайдың қарасөздері" бағыты бойынша Қ.Шаңғытбаев атындағы ЖОББМ-нің 11-класс оқушысы Гүлназ Әзбергенова 2-орынды иеленді. Жетекшісі: Саламат Саймов. "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" бағыты бойынша Оразалин атындағы ЖОББМ-нің 10 класс оқушысы Назым Кәрібаева "Алғыс хатпен" марапатталды. Жетекшісі: Гүлсезім Сағынтаева. Жүзден жүйрік шыққан оқушыларымызды құттықтаймыз. Жетекші мұғалімдеріне алғыс білдіреміз. Облыс намысын қорғайтын Сабыр Саида оқушымызға алдағы кезеңге сәттілік тілейміз. Дарынды да білімді, өнерлі де ойы ұшқыр оқушыларымыз көп болсын.

Пайдалы ақпараттық ресурстар