22 Ақп 2022
Тағайындау

Болекеева Масаты Сазамовна

Болекеева Масаты Сазамовна

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау  бойынша комиссиясының 2022 жылғы  15 ақпандағы № 2 хаттама негізінде,  Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысының 21 ақпан күнгі № 13 бұйрығымен  Болекеева Масаты Сазамовна  «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымы» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының меңгерушісі қызметіне  тағайындалды.

 Ол 1985 жылдың  20-шы  сәуірінде  Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат ауылында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

2003-2008 жылдар аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе  мемлекеттік  университетінде «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

2013-2015 жылдар аралығында  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша жоғары білім алып, БАКАЛАВР дәрежесін алған.

Педагогикалық еңбек  өтілі: 10 жыл.

Еңбек жолы:

2010-2011 жылдар аралығында. Тымабұлақ бастауыш мектебіне бастауыш сынып  мұғалімі, Әйтеке би ауданы, Сарат ауылы.

 

2012-2022 жылдар аралығында  «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымы» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының тәрбиеші және әдіскер қызметін атқарған.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар