14 Желт 2021
Іс-шаралар

"Тәуелсіздік тұғырым биіктеуде" атты аудандық байқау өтті.

13 желтоқсан күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен,  Тәуелсіздіктің 30  жылдығына орай мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған "Тәуелсіздік тұғырым биіктеуде" атты аудандық байқау өтті.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдар арасынан перспективалық және жан- жақты талантты педагогтарды қолдау, тәжірибе алмасу.  Шығармашылық қабілеттерін ынталандырудың идеологиялық және көркемдік деңгейін арттыру және дамыту. Байқау үш кезеңнен өтті: 
1. "Менің сүйікті бала бақшам" таныстыру.
 2. "Қызық екен" сұрақ- жауап бағдарламасы
3. "Қол өнер- сырлы өнер" шебер сынып.
Байқау нәтижесі: 
Бас жүлде - "ТаңШуақ" МДҰ
1 орын - "Балбұлақ" МДҰ
 2 орын- "Балапан" МДҰ
3 орын- "Балдәурен" МДҰ
Жүлделі орын алған педагогтарға білім бөлімінен дипломдар мен алғыс хаттар және аудандық кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап, сыйлықтар табысталды.
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар