14 Желт 2021
Іс-шаралар

«Ең үздік балалар ұйымы» атты сырттай байқау өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өзін-өзі басқару ұйымдары арасында аудандық «Ең үздік балалар ұйымы» атты сырттай байқау өтті. Байқаудың мақсаты білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын Талдысай ЖОББМ өзін өзі басқару ұйымы;
ІІ орын Комсомол, Қарашатау ЖОББМ өзін өзі басқару ұйымы;
ІІІ орын М.Жұмабаев ат. ЖОББМ, Тереңсай ЖОББМ өзін өзі басқару ұйымыдары иеленсе, Сұлукөл, Қ.Шаңғытбаев ат. ЖОББМ өзін өзі басқару ұйымдары қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталады.
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар