04 Желт 2023
Іс-шаралар

Қалиев Руслан Қалелұлы еске алуға арналған шахматтан турнирі өтті

 Аудандық  білім  бөлімінің  жоспарына сәйкес 16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне  орай    Талдысай  ЖОББ мектебінде дәстүрлі  15-ші  Қалиев Руслан Қалелұлы  еске алуға арналған шахматтан  турнирі өтті.Турнирге барлығы 22 команда 66 оқушы қатысуға  өтініш  білдірді.  Жарыс командалық 2/1 форматында өтті (2ер бала 1 қыз бала).  Турнирдің   салтанатты  ашылуында  Аудандық   білім  бөлімінің  басшысы С.Биртаева және  Ақтөбе  облыстық  білім  және  ғылым    қызметкерлері  кәсіптік  одағының  бас  маманы  А.Жайылханұлы және  Аудандық  кәсіподақ  ұйымынын   төрағасы З.Бекетов жарысқа  қатысушыларды  құттықтап  мектеп  ұжымына  алғыс  хат,  қаржылай сыйақы  табыстады. 

Жарыс қорытыныдысы бойынша

1 орын Шевченко ЖОББМ жаттықтырушысы  Г.Искакова

2 орын Абай ЖОББМ жаттықтырушысы  М. Бакажанов

3 орын М.Жұмабаев ЖОББ мектебі  жаттықтырушысы А.Жармедетов

Жүлдегерлер білім  бөлімінің  грамоталарымен кубок, медальдармен  марапатталды. Сондай ақ жарыс соңында мектеп ұжымы және демеушілер турнирдің үздіктерін  мараппаттады

Пайдалы ақпараттық ресурстар