15 Маус 2022
Іс-шаралар

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 2022 жылғы жоспарына сәйкес «ЖЫЛ ПСИХОЛОГІ-2022» облыстық байқауының аудандық кезеңі 26 мамыр күні аудандық жалпы білім беру ұйымдарының педагог-психолог мамандары аралығында байқау ұйымдастырылып өткізілді

Мақсаты: Талантты, мобильді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби құзыреттілігі жоғары психологтардың портфолиосын анықтау.Байқау 3 кезең бойынша жүргізіліді.Ереже шартына сай қатысушы мамандар оқушымен жүргізілетін жұмыс бағдарламасымен таныстырып қорғады. «Менің мамандығым» тақырыбында өз жұмыстарын жинақтап, бейнеролик арқылы көрсетіп, ұсынды.Психолог мамандардың жеке портфолиосы тексеріліп, бағаланды.Байқау нәтижесінде:

🏆«Бас жүлде»- Абай ат.ЖОББМ психологі – Тулепбергенова Карашаш

🥇І орын – С.Оразалин ат.ЖОББМ психологі – Кенжеғалиева Жазира

🥈ІІ орын – Ақтасты ЖОББМ психологі – Ергалиева Салтанат

🥈ІІ орын – Қарашатау ЖОББМ психологі – Айтмырзақызы Бибінұр

🥉ІІІ орын – Әйке ЖОББМ –Ідірісова Назгүл.

Жеңімпаздарға білім бөлімінің мадақтама қағаздары мен сыйлықтарымен табысталды. Облыстық байқауға жолдама алған Тулепбергенова Карашаш Бертлеуовнаға сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар