15 Маус 2022
Іс-шаралар

"Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры" атты балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік шара өтті

30 мамыр күні, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен орталық алаңда Балалар жылы, 1- маусым балаларды қорғау күніне орай "Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры" атты балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік шара өтті. Шараға ауылдық округтерден 105 тәрбиеленуші келіп, өз өнерлерін көрсетті. Қатысушы бүлдіршіндерге аудан әкімі Д. Ермаганбетов пен білім бөлімінің басшысы Б. Сейлханов жылы лебіз құттықтауларын жолдап, алғыс хат пен сыйлықтармен марапаттады. Қонақтар мен көрермендер 20 мектепке дейінгі ұйымдардың көрмелерімен танысып, мерекелік кеш соңында барлық бүлдіршіндерге тәттілер таратылды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар