24 Мамыр 2022
Іс-шаралар

"ҮЗДІК ОҚЫРМАН-2022» байқауы өткізілді

2022 жылдың 23 мамыры күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сай жалпы білім беру ұйымдарының 6-10 сынып оқушылары аралығында "ҮЗДІК ОҚЫРМАН-2022» байқауы өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, кітапты өмірде, еңбекте, оқуда пайдалануға баулу. Байқау бойынша оқушылар «Проза», «Поэзия», «Драматургия» жанры бойынша өздерінің сүйікті шығармасынан үзіндіні жатқа айтып, оқыған кітаптарының тізімімен таныстырды. Байқауға барлығы 17 оқушы қатысты. Байқау нәтижесінде:

«Бас жүлде»- С.Оразалин ат.ЖОББМ 10 сынып оқушысы-Қасымов Мұхамедияр, 

І орын-Басқұдық ЖОББМ 9 сынып оқушысы – Самат Мақсат,

І орын-Қыналы НОББМ 8 сынып оқушысы – Кеңес Асылайым,

ІІ орын-Абай ат.ЖОББМ 6 сынып оқушысы – Қайратқызы Модиян,

ІІ орын-Т.Жүргенов ат.ЖОББМ 7 сынып оқушысы – Хамитова Әйгерім,

ІІІ орын-Комсомол ЖОББМ 7 сынып оқушысы – Ткачук Карина,

ІІІ орын-Сарат ЖОББМ 7 сынып оқушысы – Мейрамбекқызы Алтынарай,

ІІІ орын- Қарашатау ЖОББМ 10 сынып оқушысы – Жұбанышбай Дильназ. Жеңімпаздарға білім бөлімінің мадақтама қағаздары мен сыйлықтарымен марапатталып, белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Облыстық байқауға қатысушы Қасымов Мұхамедиярға сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар