23 Мамыр 2022
Іс-шаралар

“Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде баланың бейімделу кезеңін психологиялық қамтамасыз ету” атты шебер сынып өтті

Әйтеке би аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, мамыр айының 17-сі күні Қарабұтақ ауылы "Ақбөбек" МДҰ - ның базасында, мектепке дейінгі ұйымдардағы психолог мамандарына арналған “Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде баланың бейімделу кезеңін психологиялық қамтамасыз ету” атты шебер сынып өтті.

Мақсаты: Баланы балабақшаға психологиялық тұрғыдан бейімдеп бақылауға алу және бала өзін ортада еркін сезінуін қажетті нәрсесіне машықтандыру. Басқа ортамен араласуға, қазіргі заманауи кез келген әдіс тәсілді қолданып баланың назарын аударып, балалармен жеке тұлға ретінде қарым - қатынас жасауда психологиялық көмектің маңызы зор екенін айқындау. Баланың бейімделуі оның жағдайымен көңіл күйінің тұрақты болуын басты назарда ұстау. Шебер сынып соңында білім бөлімінің әдіскерлері К. Битимбаева мен Д. Әбдішайым қорытынды сөз алып, қатысушыларға сертификат табыстады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар