23 Мамыр 2022
Іс-шаралар

"Жыл тәрбиешісі - 2022" атты аудандық байқау өтті

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, алғашқы рет шағын орталық тәрбиешілеріне арналған "Жыл тәрбиешісі - 2022" атты аудандық байқау өтті. Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беретін педагогтардың кәсіби әлеуетін ашу және жүзеге асыруға жағдай жасау. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты педагогтарға қолдау көрсету және айқындау, инновациялық тәжірибелерін тарату. Байқау екі кезеңнен тұрды. Әділ қазылар шешімімен үздіктер анықталды. 

І орын- "Нұр" шағын орталығының тәрбиешісі Мадиева Ақмарал

ІІ орын - "Балаби" шағын орталығының тәрбиешісі Нұрмұхан Маржан

ІІІ орын - "Жұлдызай" шағын орталығының тәрбиешісі Төреғалиқызы Гуларай.

Жүлделі орын алған, байқауға қатысқан тәрбиешілерге білім бөлімінің басшысы атынан диплом, алғыс хаттар мен марапатталды. Байқауға демеушілік көрсеткен аудандық кәсіп одақ  ұйымының төреағасы  З.Ө. Бекетов бағалы сыйлықтар табыстады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар