23 Мамыр 2022
Іс-шаралар

«Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды

13 мамыр күні қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерей тойын насихаттау, республикалық тарих пәні мұғалімдерінің сьезіндегі және облыстық форумдағы жаңалықтармен бөлісіп, мұғалімдердің іс-тәжірибесін таратып, педагогтардың әлеуетін арттыру. Шараның ашылу салтанаты Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сахналық қойылыммен басталды. Озық іс-тәжірибесімен бөліскен Асимбетова Гулназ Назыккызы Сарат ЖОББМ, Курбаева Динара Абилхасимовна Тереңсай ЖОББМ, Аязбаева Нурия Кайрбековна Т.Жүргенов ат. ЖОББМ, Ержанов Беркин Мергенбаевич М.Жұмабаев ат. ЖОББМ тарих пәні мұғалімдеріне және семинардың өз деңгейінде өтуіне үлес қосқан Талдысай ЖОББМ ұжымына алғыс білдіреміз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар