23 Мамыр 2022
Іс-шаралар

"Бастауыш мектеп-білім мен ғылымның бастауы" тақырыбында аудандық семинар өткізілді

2022 жылдың 29 сәуірі күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сай бастауыш класс мұғалімдеріне арналған "Бастауыш мектеп-білім мен ғылымның бастауы" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға жалпы білім беретін мектептердің бастауыш класс мұғалімдері қатысты. Мақсаты - республикалық бастауыш сынып мұғалімдерінің съезіндегі және облыстық форумдағы жаңалықтарымен бөлісіп, мәселені практик мұғалімдермен талқылау, мұғалімдердің іс-тәжірбиесін таратып, педагогтардың әлеуетін арттыру. Семинар барысында бастауыш мектепте оқытылатын пәндер бойынша білім мазмұнын жетілдіру, оқушылардың үлгерімін бағалау және бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, бастауыш сыныптарға арналған олимпиадалар ұйымдастыру, оқу бағдарламаларының мазмұндық құрылымы мен оны іске асыру сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Семинарда іс-тәжірибесін таратып, белсенділік танытқан педагогтарға білім бөлімінің алғыс хаты табысталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар