13 Мамыр 2022
Іс-шаралар

«Көп білгім келеді»

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар жылына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 класс аралығында «Көп білгім келеді» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Байқау мақсаты: дарынды, шығармашыл оқушыларды анықтау, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Байқауға 25 қатысушы қатысты. Оқушылар өздерін таныстыра отырып, шығарма негізінде кейіпкерден алған ойларын түйіндеп, мақалдап жеткізді. Байқау нәтижесінде: 

1-орын: Белқопа ЖОББМ-нің 5 класс оқушысы – Сисенбай Гүлмарал, жетекшісі – Жақыпова Жаннұр; 

2-орын: Қ.Шаңғытбаев ат.ЖОББМ-нің 5 класс оқушысы – Мұханбетсапа Жаннұр, жетекшісі – Исатаева Алмагул;

2-орын: Ж.Сәрсенов ат.ЖОББМ-нің 5 класс оқушысы – Мақсатқызы Інжу, жетекшісі – Кребаева Баян;

3-орын: Қ.Шаңғытбаев ат.ЖОББМ-нің 6 класс оқушысы – Әбдіханова Гаухар, жетекшісі – Саймов Саламат;

3-орын: Қарашатау ЖОББМ-нің 5 клас соқушысы – Рашит Айзере, жетекшісі – Ұлықпанова Қызғалдақ;

3-орын: Т олыбай ЖОББМ-нің 5 класс оқушысы – Тілеубаева Каусар, жетекшісі – Абдуайсова Айгүл.

Жеңімпаздарға аудандық білім бөлімінің мадақтау қағазы мен сыйлықтар беріліп, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс хаттарымен сыйлықтары табысталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар