25 Сәу 2022
Іс-шаралар

ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады

ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған орай аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері    арасында "Бата ұлттық тәлім- тәрбие бастауы" атты бата беру сайысы өтті. Сайыс мақсаты: бата беру дәстүрін дәріптеу,  жаңғырту, өз елін оның салт- дәстүрін,  тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сайысқа 14 мектепке дейінгі ұйымнан 4- 5 жас аралығындағы  ер балалар қатысты. . Әділ қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталды. 
Бас жүлде- Сағынбай Мейіржан Бауыржанұлы. "Ақбота" МДҰ
1 орын - Ахметқали Нұрислам Манарбекұлы. "Балауса"МДҰщ
2 орын- Ғалымжанұлы Нұрғасыр. "Аққайың" МДҰ.
3 орын- Ақылбай Ақсұлтан Ақылжанұлы.  "Гаухар" МДҰ.
Барлық қатысушыларға білім бөлімінің диплом, алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды. 
Пайдалы ақпараттық ресурстар