25 Сәу 2022
Іс-шаралар

Әйтеке би ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес,озық іс-тәжірибе тарату мақсатында

Әйтеке би ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес,озық іс-тәжірибе тарату мақсатында, Т.Жүргенов ат.ЖОББМ базасында мектеп кітапханашыларына арналған «Мектеп кітапханасының заманауи әдіс-тәсілдері" тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілеттігін арттыру мақсатында өткізілген семинарда Т.Жүргенов ат.ЖОББ мектебінің психологі – Дабылова Бактыгул Абилханкызы психологиялық тренинг жүргізді.М.Жұмабаев ат.ЖОББ мектебінің кітапхана меңгерушісі Козбагарова Асия Утегеновна, Талдысай ЖОББ мектебінің кітапханашысы – Абдиханова Гулманат Оразовна, Қыналы НОББ мектебінің кітапханашысы – Шалабаева Кунимай Сахиевна, Ж.Сәрсенов ат.ЖОББ мектебінің кітапханашысы – Кребаева Баян Ниязовна, Басқұдық ЖОББ мектебінің кітапханашысы- Ташаманова Замзагул Утепбергеновна өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Семинар барысында қатысушылаға сертификаттар табысталып, Әйтеке би аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы –Бекетов Зейнел ағай озық іс-тәжірибе ұсынған мектеп кітапханашыларына білім бөлімінің алғыс хат, сыйлықтарымен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар