25 Сәу 2022
Іс-шаралар

ҰРАЛАЙ БАХЫТГЕРЕЙҚЫЗЫ: Бүгін жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында

[12:19, 21.04.2022] ҚҰРАЛАЙ  БАХЫТГЕРЕЙҚЫЗЫ: Бүгін жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында  М,.Жұмабаев оқуларының аудандық кезеңі М.Жұмабаева атындағы ЖОББ мектебінің базасында өткізілді. Байқауға оқушылар 3 бағыт бойынша сынға түсті.  "Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім" ақын шығармашылығын жатқа оқу бағыты бойынша алғыс хат иегерлері Т.Жүргенов ат. ЖОББМ оқушысы  Аблаева Інжу мен Сұлукөл ЖОББМ оқушысы Алдажарова Зере, ІІ орын Абай ат. ЖОББМ оқушысы Балтабек Айжанат, І орынды Қыналы НОББМ оқушысы Асанбай Гүлден жеңіп алды. "Толқынмен толқын сырласып" ақынның шығармаларын зерттеу бағыты бойынша ІІ орынды Қыналы НОББМ оқушысы Кәрібай Нұрай иеленсе, І орын М.Жұмабаев ат.ЖОББМ оқушысы Жанайдарға табысталды.. "Ақында бір бала ғой айға ұмтылған" жас дарындылар конкурсы. Өз шығармашылығын ұсыну. Ақындық өнерлерін көрсету. Бұл бағыт бойынша алғыс хатты М.Жұмабаев ат.ЖОББМ оқушысы Ерболов Нұрлыбек, ІІ орынды Т.Жүргенов ат.ЖОББМ оқушысы Мұхамбетова Диана, І орынды Қыналы НОББМ оқушысы Кеңес Асылайым иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде аудан абыройын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар