25 Сәу 2022
Іс-шаралар

Әйтеке би аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, озық іс-тәжірибе тарату мақсатында,Жамбыл ЖОББМ базасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне

Әйтеке би аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, озық іс-тәжірибе тарату мақсатында,Жамбыл ЖОББМ базасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар ұйымдастырылды.Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибемен бөлісу, практикалық дағдыларын қалыптастыру, өзара тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету мақсатында өткізілген семинарда  Жамбыл ЖОББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері А.Кундакбаева, А.Киося, Тереңсай ЖОББМ-нен Г.Аймбетова, М.Жұмабаев ЖОББМ-нен А.Аманшеева, Талдысай ЖОББМ-нен З.Жумалина өз жұмыстарын ұсынды.Семинардың ұйымдастырылуына белсене атсалысқан Жамбыл ЖОББМ-нің ұжымы және озық іс-тәжірибе ұсынған пән мұғалімдері білім бөлімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар