25 Сәу 2022
Іс-шаралар

2022 жылдың 19 сәуірі күні жалпы білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің аудандық кезеңі өткізілді

2022 жылдың 19 сәуірі күні жалпы білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Турнир мақсаты-математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Турнирге 14 команда бойынша 42 оқушы қатысып, командалық және жекелей тапсырмалар орындаудан сынға түсті. Қорытынды бойынша 
1-орын Ақтасты ЖОББМ-нің «Тапқырлар» командасы  
2-орын Жабасақ ЖОББМ-нің  «Зияткер» командасы
3-орын М.Жұмабаев ат.ЖОББМ-нің «Ұшқыр ойлы» командасы
Белсенділік танытып, қатысқан командалар білім бөлімінің мақтау қағазымен және жекелей тапсырма орындаудан үздік танылған оқушылар мадақтамамен марапатталды. Облыстық кезеңге жолдама алған Ақтасты ЖОББМ-нің «Тапқырлар» командасына сәттілік тілейміз!
Пайдалы ақпараттық ресурстар