28 Нау 2022
Іс-шаралар

«Ақ бата-асыл мұра» байқауы өткізілді

Ақтөбе облыстық білім басқармасының тапсырмасына сәйкес 15 наурыз  күні Әйтеке би білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ақсақалдар арасында «Ақ бата-асыл мұра» байқауы өткізілді. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан батагөй ақсақалдар мен немерелері қатысты. Қатысушылар тақырыптық бата  және би – шешендердің даналық сөздерін айтудан конкурсқа түсті.  Конкурс нәтижесінде:
 
🏆Бас жүлде  Жабасақ ауылы, Айдаубаев Сейділдә атай мен Абатұлы Ілияс. 
🥇І орын Белқопа ауылы, Қояманов Кенжеғали атай мен Кенжеғали Арсен 
🥈ІІ орын Ықыласов Біржан атай мен Біржанов Асылан 
🥉ІІІ орын Елубаев Қаныбек ағай мен Сәнтай Бақтияр 
 
🏅Алғыс хаттарымен  Еңбекту ауылы, Избасаров Асылбек ағай мен Нағашыбай Мейіржан, Сарат ауылы Төралы Нағашыбай атай мен Назық Нұрғасыр марапатталды. Жүлделі орын алғандарға аудан әкімі дипломы,  қатысушыларға аудандық білім бөлімі, аудандық аурухана, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табысталды.
Пайдалы ақпараттық ресурстар