Балалар жылына орай өскелең ұрпаққа белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген отандастар үлгісінде дамыту, елдің саяси өміріне жақындауға мүмкіндік беру мақсатында аудан әкімі Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы «Еңбекпен өрілген өмір» тақырыбында М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ 11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында оқушылар өздерінің қызықтырған сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, ой-пікірлерін білдірді. Аудан басшысы өз тарапынан оқушыларға ғибратты әңгіме айтып, ауылға қажетті мамандар мәселесіне тоқталып ауылдың көркеюіне үлес қосатын маман иесі болуға шақырды. Кездесу соңында өзіне ұнаған сұрақ иесіне қолтаңба қалдырды. Бұл кездесу әдеттегіден өзгеше жас буынның көкейдегі сауалдарына жауап алған шынайы сұхбат алаңы болды.
#БалажылыАқтөбе