Әйтеке би ауданының білім бөлімі жұмыс жоспарына сәйкес 24 ақпан күні кеңейтілген отырыс өткізілді. Кеңейтілген отырысқа білім беру ұйымдарының басшылары, оқу ісі орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Әйтеке би ауданының білім саласы бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары туралы. Баяндамашы - Б.Д.Сейлханов
2. 2021 -2022 оқу жылының бірінші жартыжылдық білім сапасы бойынша жұмыстар есебі. Баяндамашы - Р.Нұрғабыл
3. Аудандық олимпиада қорытындысы. Баяндамашы - Сейтпанова А.А
4. ІІ тоқсан бойынша мектептерде жүргізілген зерделеу қорытындысы туралы. Баяндамашы - Сейтпанова А.А
5. Құқық бұзушылық профилактикасы туралы. Баяндамашы - Ә.Нұралиева
6. Ағымдағы мәлелелер.
Бөлім басшысы Б. Д Сейлханов білім беру ұйымдарының басшыларына құқық бұзушылықтың алдын - алу бойынша жұмыстарын күшейту , білім сапасын көтеру, зерделеу барысында орын алған кемшіліктерді жою жұмыстарын тапсырды.